Қазақмыс Қытайдың озық технологияларын өндіріске енгізуді көздеп отыр

Фото: Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
20

«Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында металлургия және энергетика саласындағы жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сапар аясында делегация заманауи өндірістік технологиялармен танысып, халықаралық тәжірибені зерттеуге басымдық берді.

Бағдарламадағы негізгі нысандардың бірі – Хубэй провинциясында орналасқан Daye Smelter мыс балқыту зауыты болды. Қазақмыс өкілдері кәсіпорындағы автоматтандыру жүйелерімен, энергия үнемдеу технологияларымен және өндірістік қауіпсіздік бағытындағы шешімдермен танысты.

Кездесулердің маңызды бөлігі CNPC (Jichai Power Company) компаниясымен өтті. Тараптар өнеркәсіптік энергетика, автономды генерация және өндірістегі энергия тиімділігін арттыруға арналған технологияларды талқылады. Сонымен қатар бұл шешімдерді Қазақмыс кәсіпорындарында пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

Сапар барысында халықаралық тау-кен металлургиялық топ саналатын CNMC (NFC) компаниясымен де ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Тараптар технологиялық серіктестік, тәжірибе алмасу, өндірістік процестердің тиімділігін күшейту және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бағыттарын талқылады.

Қазақмыс делегациясы Қытайдағы өндірістік және экологиялық технологиялардың жаңа үлгілерін зерделеп, оларды компания нысандарын жаңғыртуда қолдану мүмкіндігін қарастырған.

Компания мәліметінше, мұндай халықаралық тәжірибе өндірістің тұрақтылығын арттырып, кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне жол ашады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Айгүл Иманбаева бала күнінде бастан өткерген қиын сәттерін еске алып, анасының жас кезінде бірн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қоғамда...