Әскерге барудан 20 мың жігіт қашып жүр. Бұл – биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының дерект...
Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі рейтингінде 59-орыннан 70-орынға төмендеді
Meyirim Bakhytzhan
Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі рейтингінде 70 орыннан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Madeniet Portaly.
Индекс 0-ден 1-ге дейінгі аралықта, 1 – ең жоғары балл. Көрсеткіш инклюзивті (білім беру, жұмыспен қамту, қаржылай қамту, мобильді құрылғыны пайдалану, парламенттік өкілдік), әділдік (құқықтық кемсітушіліктің болмауы, сот төрелігіне қолжетімділік, ана өлімінің коэффициенті, балаға қатысты көзқарас) және қауіпсіздікті (зорлық-зомбылық) қамтиды.
Ауғанстан (0,286 ұпай) мен Йемен (0,287 ұпай) әйелдер үшін ең нашар ел деп танылды. Сондай-ақ әйелдер үшін нашар елдер тізіміне Орталық Африка Республикасы (0,378 ұпай), Конго (0,384 ұпай), Оңтүстік Судан (0,388 ұпай), Бурунди (0,394 ұпай), Сирия (0,407 ұпай), Эсватини (0,415 ұпай), Сомали (0,417 ұпай) және Ирак (0,424 ұпай) кірді.
Олардың индексінің төмен болуы зорлық-зомбылық пен ана өлімінің көптігіне байланысты екен. Ал әйелдер үшін жақсы он ел 0,9 баллдан жоғары индекске ие болды, бұл орташа әлемдік деңгейден айтарлықтай жоғары. Жаңа Зеландияны қоспағанда, әйелдер үшін ең жақсы 10 елдің 9-ы Еуропа елі екен.
Ең жоғары рейтингтегі ел Дания болды (0,932 ұпай), ол инклюзив, әсіресе қаржылық жағынан, сондай-ақ парламенттік өкілдікте және құқықтық кемсітушіліктің болмауында ерекшеленді. Одан кейінгі орында Швейцария (0,928 ұпай) және Швеция (0,926 ұпай). Финляндия, Швеция және Люксембург, оларда 0,924 ұпайда.
Үздік елдер тобы ана өлімінің төмендігімен, білім деңгейінің жоғарылығымен және әйелдерге қатысты саяси зорлық-зомбылықтың болмауымен сипатталады.
Қазақстан рейтингте 59-орыннан 70-орынға төмендеді, ал индексі 0,761-ден 0,729-ке төмендеді. Орталық Азия мен ЕАЭО мемлекеттері арасында Армения (0,772 балл), Ресей (0,752 балл), Беларусь (0,733 балл), тіпті Түрікменстан (0,75 балл) Қазақстаннан жоғары болды. Ал Тәжікстан (0,69 ұпай), Өзбекстан (0,674 ұпай) және Қырғызстан (0,673 ұпай) Қазақстаннан төмен.
2024 жылдың сәуір-мамырда жүргізілген "Халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімінің деңгейі" сауалнамасына сәйкес әйелдердің 58,5%-ы көшеде жалғыз жүргенде өзін толық қауіпсіз сезінеді. Ал ерлер арасындағы көрсеткіш – 70%. Ал өзін қауіпсіз сезінбейтін әйелдердің үлесі – 7,3%, ерлердікі – 3,4%.
ЖОО студенттері арасында әйелдер саны көбірек. Қазақстанда 2023-2024 оқу жылының басында қыздар саны 314,1 мың болса, ұлдар саны 278,6 мың болды.
Жеке кәсіпкерлер арасында да әйелдер басым. 2024 жылғы тамыздың соңында Қазақстанда 958,7 мың жеке кәсіпкер әйелдер және 817,6 мың ерлер тіркелген. Белсенді жеке кәсіпкерлердің ішінде 914,3 мың әйел, 768,4 мың ерлер болды.
Сондай-ақ еңбекке қабілетті әйелдер саны ерлерден басым. 2024 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін әйелдердің саны 2,06 миллион адам, ал жұмыс істейтін ерлер саны 1,91 миллион адам болған. Бірақ әйелдер жалақысы ерлерге қарағанда 25,7% төмен. Ерлердің орташа жалақысы 418,8 мың теңге, ал әйелдердікі – 311,2 мың теңге.
Статистика бойынша Қазақстан әйелдері білімдірек және еңбек нарығын көбірек құраса да, өздерін қауіпсіз сезіне алмайды және экономикаға қосқан үлесі үшін лайықты қаржылық сыйақы алмайды.