Алматыда ер адам шәй ішуге барып, енесін зорлады деген күдікпен ұсталды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2016

Алматыда ер адам шәй ішуге барып, енесін зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген істі тергеп жатыр.

17 тамызда күйеу баласы шай ішемін деген сылтаумен енесінің үйіне барған. Отбасы ер адам оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады.

Отбасы сол күні полицияға хабарласқан. Бұған дейін жәбірленушінің сараптама қорытындысындағы қателіктерге байланысты бірнеше күн бойы сот-медициналық сараптама тағайындалмаған.

Алматы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция оның әрекеттері тергеуден кейін заңды түрде бағаланатынын қосты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына дрондар шабуылдағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияда туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды. Тағы 19 адам жарақат алғ...