Қазақстан Атлант мұхиты жағалауындағы батыс Африка мемлекетімен визасыз режимге қол жеткізді

Фото: inbusiness.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2861

Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазақстан Республикасының  Сыртқы істер министрлігі мұндай келісімге БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында қол қойылғанын мәлімдеді.

“Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды” делінген сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен де  ездесу өткізді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша...