Үйдің шатырынан түскен қар көлікті мыжып тастаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1323

Өскеменде тұрғын үйдің шатырынан құлаған қар төменде тұрған көлікті сындырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға 6 наурызға қараған түні бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Алайда көлікке едәуір зақым келген. Жергілікті әкімдік ғимарат шатырының жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді.

«Бұл ғимарат дербес басқарылатын үй санатына жатады. Сондықтан «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес, оның техникалық жай-күйі, соның ішінде шатырды қар мен мұздан уақтылы тазарту – пәтер иелерінің тікелей жауапкершілігінде», – делінген әкімдік хабарламасында.

Жергілікті билік көпқабатты үй тұрғындарын шатырларды уақытылы тазартуға шақырып, қалың қар мен еріген мұздың құлау қаупіне байланысты сақтық шараларын күшейту қажеттігін ескертті.