Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде жалаңаш жүрген

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
218

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде жалаңаш жүрген ер адамның әрекеті сотқа дейін жетіп, ол әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиғаны тұрғындар байқап, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Істі қарау барысында құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің арызымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен дәлелденді.

Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де осындай құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жаңа оқиға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанғандықтан, оның әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша сараланды.

«ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушыға 60 сағаттан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 15 тәуліктен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген. Сот қаулысымен Р. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған, деп хабарлайды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, FIFAe Continental...