Заң бойынша әрбір азамат нақты тұратын жерде тіркелуі тиіс: ол жеке тұрғын үй болсын, жалға берілеті...
Түркістан қаласында өгей әке келіні мен ұлын өлтірді деп күдікке ілінді
Фото: әлеуметтік желі
Жантүршігерлік оқиға қарияның үйінде болған. Зейнеткер қолы қанға боялған соң полицияға өзі берілген дейді көршілері, деп хабарлаған MadeniPortal.kz.
Қылмыс болған үйде бұған дейін ерлі-зайыпты қариялар тұрған екен. Соңғы бес айда әйелі төсекке таңылып, жанында жолдасы болды дейді көршілері.
Науқас жары ақыры ажал құшып, онымен қоштасуға Қызылордадағы ұлы мен келіні келген екен. Жанжалдың бәрі жерлеуден соң басталған дейді тұрғындар.
Көршілерінің сөзінше, ашуға булыққан қария өгей ұлы мен келініне пышақ сұққан. Содан кейін полицияға хабарласып, өз кінәсін мойындапты. Ал, ерлі-зайыптылардың демі жедел-жәрдем келгенше үзілген көрінеді.
Куәгерлер қарияны полицейлер қамауға алып кеткенін де көріпті. Қанды оқиғаға қатысты полиция әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. Сондықтан қайғылы оқиғаның жай-жапсары белгісіз.