Швейцарияда сұлулық байқауының финалисті 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді, деп х...
Қазақстан мәдениетімен танысуға шетелден журналистер келді
Қазақстан мәдениетімен танысу үшін елімізге шетелдік журналистер тобы келді. Бір апталық тур аясында шетелдік БАҚ өкілдері Астана, Алматы, Маңғыстау және Алматы облыстарында болады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бұл сапар Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтпек.
Баспасөз турына мәдениет және өнер салаларында маманданған АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания, Қытай және Египеттің 15 журналисі мен блогері қатысады.
Ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетін шетелде белсенді және сапалы насихаттауды қамтитын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі аспектілері туралы әңгімелеп берді. Министр Қазақстанның мәдени алуандығына және еліміздің қазіргі кездегі дамуына деген қызығушылық танытқаны үшін шетелдік журналистерге алғыс білдірді.
Шетелдік тілшілермен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның мәдениет саласындағы, оның ішінде ұлттық кинематография жетістіктері туралы баяндады.
Астанада журналистер «ЭКСПО-2017» қазақстандық павильонында, Қазақстанның ұлттық мұражайында, «Әзірет Сұлтан» мешітінде және «Қазмедиа» орталығында болып, бірқатар қазақстандық БАҚ-тағы әріптестерімен кездесу өткізді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері қонақтарды «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды. «Астана-Опера» театрында шетелдік тілшілер «Корсар» балетінің премьерасын тамашалады.
Маңғыстау облысында журналистерге Бекет-Ата мен Шақпақ-Ата жерасты мешіттері, Шерқала тауы, этноауылға сапары жоспарланған.
Алматыда шетелдік журналистер материалдық емес, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның өкілетті тізіміне енгізілген мәдени мұраның элементтерімен таныстыру, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Мультимедиалық дәстүрлі саз орталығы, «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығына барады.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында өтіп жатқан екінші баспасөз туры сондай-ақ туризмді дамытуға және Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде жалпы оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.
madeniportal