Маңғыстау облысында екі оқушыға жабайы түлкі шабуылдады

Фото: Pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
349

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі мектеп оқушысы жабайы түлкінің шабуылынан жарақат алды. Балалар дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 21 қараша күні тіркелген. Балалар ата-аналарымен бірге көпсалалы аудандық ауруханаға жүгінген.

Түлкі 2011 жылы туған баланың оң аяғын, 2018 жылы туған баланың сол аяғын тістеп алған.

Екеуіне де жара орны өңделіп, қажетті екпелер жасалды. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Балалар амбулаторлық бақылауда. 

Ауыл тұрғындары түсірген фотоларды саралаған ECOJER аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов жануардың қарапайым дала түлкісі екенін айтты.

Экологтың айтуынша, дала жануарлары құтыруға шалдыққан болуы мүмкін, сондықтан оларға жақындау — қауіпті.

«Жабайы аңмен кезіккенде дереу мамандарға хабарлау керек. Ал тістеп немесе тырнап алған жағдайда — медициналық көмекке бірден жүгіну қажет. Балалардың ата-аналары дұрыс әрекет еткен», — деді маман.

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...