Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақыны уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады...
Түркістан облысында патрульдік полиция туристерден ақша бопсалап, ұятқа қалды
Фото: ІІМ
2248
Түркістан облысында патрульдік полиция Беларусьтен келген туристерді негізсіз тоқтатып, ақша талап еткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Туристердің айтуынша, полицейлер оларды Қазақстанның техникалық тексерісінен өтпегені және бейнебақылау камерасына түскені үшін айыптаған. Кейін 200 мың теңге ақша сұраған.
Туристердің арасында блогер Александр Гулько да болды. Оның айтуынша, олар жол ережесін бұзбаған. Полицейлер де нақты дәлел келтірмепті. Әрі полицейлер ақша берсе, жолда ешкімнің тоқтатпайтынын айтқан.
ІІМ болған оқидан хабардар екенін мәлімдеді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ бөлімше басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды.