Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында соңғы жылдары ел ішінде қа...
Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарылады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстанда автокөліктердің жаңа түрлері өндіріледі. Бұл жөнінде Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі — «Астана» атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустарды өндіруде Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар, автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі, — деді Нұрлан Смағұлов.
Оның айтуынша, дизель және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады.
Сонымен бірге BYD компаниясымен бірлесіп жаңа аккумуляторлық батареяларды қолданатын электр көліктерінің желісі әзірленіп жатыр. Ал «Астана» маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.