Қазақстанда Италия визаларын беру уақытша тоқтатылды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
793

Қазақстандағы Италия елшілігі жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты визалық өтініштерді өңдеу уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өтініш беру үшін қолданылатын операциялық жүйе 2026 жылғы 12–18 ақпан аралығында қолжетімсіз болады. Осы кезеңде визаға құжат тапсыру мүмкін емес.

Қазақстан резиденттері үшін өтініш қабылдаудың соңғы мерзімдері төмендегідей белгіленді:

  • Астана – 2026 жылғы 11 ақпанға дейін (VFS Global орталығы, “Kaskad” бизнес-орталығы, Қабанбай батыр даңғылы 6/1, 111-кеңсе, 11-қабат).

  • Атырау, Алматы, Шымкент және Өскемен – тиісті VFS Global орталықтарында 2026 жылғы 6 ақпанға дейін.

Визалық құжаттарды қабылдау және өңдеу 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап қайта жанданады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент–Бадам тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиғад...