Қазақстанның батысында тағы бір бөгет жарылуы мүмкін!

Фото интернеттен

Жаңалықтар
592

Қазақстанда тағы бір бөгеттің бұзылу қаупі бар. Ақтөбе су қоймасының шлюздерін ашпасқа амал жоқ. Салдарынан су өзен арнасынан асып кетуі мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жергілікті билік өкілдері Елек өзені мен Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарына тез арада эвакуациялану қажет екенін ескертуде. Бірнеше күн бұрын осы саяжайларды су басқан болатын. Эвакуацияланғандар қала мектептеріне орналастырылған-ды.


"Ақтөбе су қоймасының шамадан тыс толуына байланысты біз шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағадан асып кетуіне әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз. Елек өзенінің маңында және Қарғалы өзеніндегі Кірпішті көпірі ауданында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарынан эвакуациялауға рұқсат берулерін және үйлерінен кетуге дайын болуын сұраймын", - деді Ақтөбе әкімі Азамат Бекет.


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның батысында су тасқыны жағдайының күрт нашарлауына дайын болу қажет екенін айтқан болатын.

Су тасқыны кезеңіне жыл сайынғы дайындық жазғы-күзгі кезеңде басталып, жұмыстың үш бағытын қамтуы тиіс. Ең алдымен, бұл болжамды-аналитикалық сипаттағы шаралар. Гидрометеорологиялық қызмет болжамды деректерді мұқият талдап, алдағы су тасқыны кезеңінде жағдайдың даму сценарийлерін қалыптастыруы қажет, деп атап өтті президент.


Мемлекет басшысы су тасқынының теріс әсерінің алдын алуға және жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-профилактикалық, инженерлік-техникалық және жедел шараларды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...