Ақын Жәркен Бөдешұлы дүниеден өтті

ӘДЕБИЕТ
7087

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед.

ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдар мен мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Соңғы жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Әртүрлі басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.

"Мәдениет порталы" ақынның отбасына, әріптестеріне, қалың қазақ оқырмандарына қайғыра көңіл айтады. 

madeniportal.kz

author

Жәркен Бөдешұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында әлеуметтік желіге ерекше контент түсірмек болған 24 жастағы жігіттің әрекеті пол...