Жантүршігерлік ұшақ апаты: президент отбасымен бірге ажал құшты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2370

Нью-Йоркте тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ апатынан Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің президенті Агустин Эскобар мен оның отбасы мерт болды.

Оқиға ондаған куәгердің көз алдында болған. Әуеде келе жатқан тікұшақ кенеттен теңселе бастап, өзенге құлап кеткен. Апат себебі әзірге белгісіз. Қаза болғандардың үшеуі – бала. Тікұшақ бортында ұшқыштан бөлек, Испаниядан барған туристер отбасы болған.

Құтқарушылар бірден көмекке ұмтылғанымен, ешкімді аман алып қалу мүмкін болмады. Тікұшақтың пилоты да апат салдарынан қаза тапты.

Дональд Трамп қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Көлік министрі Шон Даффи және оның командасы апаттың себептерін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...