Мырзатай Жолдасбеков Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақа...
Қазақстанда «Lotomatic» лотерея терминалдарының жұмысы тоқтатылды
Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды madeniportal.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Лотереяны тарату уақытша тоқтатылғанына қарамастан кейбір жерлерде «Lotomatic» «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін.
«Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралатын болады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады», – делінген министрліктің хабарламасында.