Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды келіп жеткен Жаңа жыл мер...
Астанада карусельде балалар отырған кабинаның құлау себебін түсіндірді
ашық дереккөз
Елордадағы орталық саябақта төтенше жағдай болды: аттракцион жұмыс істеп тұрған кезде балалар отырған кабина үзіліп, жерге құлаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Саябақ басшылығы оқиғаға сирек кездесетін техникалық қателік себеп болғанын мәлімдеді. Астанадағы Орталық саябақты басқарушы компания директоры Ғани Хасеновтың айтуынша, оқиға конструкция бөлшектеріне бөгде заттың түсуінен болған.
«Механизмге бөгде зат түсіп кеткен. Бұл – миллионда бір кездесетін жағдай, дәл сол жерге дәл сол бөгде зат түскен. Алдағы уақытта мұндай болмайды, біз толық техникалық шешімін таптық. Аттракцион шағын болғандықтан, ешкім ауыр зардап шеккен жоқ», – деді Ғани Хасенов.
Басшының айтуынша, мұндай ақау осы механизмде алғаш рет тіркелген. Қазіргі уақытта карусельдің жұмысы тоқтатылды, ол тек қайта техникалық тексеруден кейін ғана іске қосылады. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, барлық аттракциондар күн сайын таңертең тексерістен өтеді.
Еске салайық, бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде белгілі болды. Елорда тұрғынының айтуынша, 25 сәуір күні шамамен сағат 17:10-да оның екі қызы отырған карусель кабинасы бірнеше айналымнан кейін кенеттен үзіліп кеткен.
«Қыздарымды жаншып кете жаздады», – деп жазды астаналық әйел, қала билігінен барлық аттракциондардың техникалық жағдайын тексеруді талап етті.