Қазақстанда полицияға ұстатпай жүрген екі педофилдің суреті тарады

Фото: Инстаграм

ЖАҢАЛЫҚТАР
4012

Ақтауда іздеуде жүрген екі педофилдің суреті тарады. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Мына қағазды таң атпай чаттарға таратып жатыр. Менің 250 адам отырған вастап чатыма оқырмандарым жіберіпті. Сонымен @up_aktau_polisia

@qriim_mvdrk бұл Педофилдер  қайда жүр?? Неге осы Педофилге келгенде бәрің  керең , соқыр болып қаласындар, өтірік таба алмай қаласындар? Ақтау тұрғындары неге бұларды тапқанша балалары үшін алаңдап,  қорқып отыру керек?», - деп жазды адвокат.

Ләззат Рақышева  педофилдерді ақтап, өзіне шабуыл жасайтындардың үстінен арыз жазатынын да айтты.

«Біздің қоғамға  ПедофилдердI асырап  мүлде қажеті жоқ, оларды түрмеде халықтың ақшасына не үшін асырау керек? Қоғамға олардың қандай пайдасы бар?  Соларға шығындалған ақшаны зорланған балалардың еміне  беру керек!», - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек соққыдан кейін ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, жасөспірім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...