Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуға шақырды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
126

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйлеп, ынтымақтастықтың басты қағидаты – егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу екенін атап өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тоқаев Ресейдің «ТМҰ+» форматына қосылу немесе ұйым жұмысына бақылаушы ретінде қатысу ниетіне оң көзқараспен қарауды ұсынды. 

Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп. Қазіргі таңда Ресей «Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» деген тұжырымдаманы дәріптеуде. Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді, - деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ ол Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы биыл 10 миллиард долларға жуықтағанын айтты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40%-ға жоғары. 

Мемлекет басшысы ұйымның 2027-2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдетіп, Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануға шақырды.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы бұрын Қайрат Сатыбалдыға қатысы болған DoubleTree by Hilton Almaty қонақүй кешені аукцион...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдер...