Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
801

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылған болатын.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Кембридж университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan компаниясының өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінде ақпараттық технологиялар жөніндегі маман болып бастаған.

  • 2016–2017 жылдары – «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрайымы болды.

  • 2018–2020 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

  • 2020–2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі болды.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...