Таңғы 04:30-да үйге кірген: Астанада 15 қабаттан секірген әйелдің соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
391

Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар баланың қазасына қатысты тың деректер пайда болды. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға болған күні әйелдің үйге кірген сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тараған кадрларға қарағанда, әйел таңғы сағат 04:30 шамасында бірнеше сөмкемен тұрғын үйге кірген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сол үйдегі жалдамалы пәтерге орналасқан. Шамамен алты сағаттан кейін қайғылы жағдай болған.

Куәгерлердің айтуынша, сенбі күні таңертең 27 жастағы әйел көпқабатты үйдің 15-қабатынан құлап, сол сәтте төменде болған екі жасар баланың үстіне түскен. Салдарынан әйел де, бүлдіршін де көз жұмған.

Қайғылы оқиға болған үйдің тұрғыны Кенжекүл сол сәтте естіген дауыс пен кейінгі жағдайды айтып берді.

«Баланы жұбатып отырғанмын. Қызым үй жинап жүрген. Бір уақытта әйел адамның шыңғырған дауысы естілді. “Жас келіншек шығар” деп ойладым. Артынша қызым жүгіріп барып, терезеден қарап, “Авария болды ма?” деп алаңдады», – дейді куәгер Кенжекүл.

Тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін әйелді іздеп немесе оның туысы ретінде келген адамдарды байқамаған.

«Оқиғадан кейін де бұл жерге оны іздеп ешкім келгенін көрмедік. Сондықтан әйел жалғыз тұрған болуы мүмкін деп ойладық», – дейді куәгерлер.

Алайда әйелдің отбасылық жағдайына қатысты бұл болжам әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қайғылы жағдайға дейінгі бірнеше сағатта әйелдің қозғалысын көрсетеді. Оның бұл үйге нақты қандай мақсатпен келгені және оқиғаға не себеп болғаны тергеу барысында анықталуы тиіс.

PESTEL

Лос-Анджелесте 78-ші "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Кештің басты триумфаторы Apple TV+ ұсынғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторын құру мәселесі әзірге тек талқылау және талдау деңгейін...