Астанада жанып жатқан коттеджден бала құтқарылды (ВИДЕО)

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары Астана қаласындағы Косалка көшесінде өртенген екі қабатты коттеджден баланы құтқарып шығарды. Өрт толық сөндірілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

19 мамыр күні түстен кейін Алматы ауданындағы Косалка көшесінде екі қабатты ғимарат өртенді. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарай бастады.

ТЖМ мәліметінше, адам тұрмайтын ғимараттың шатыры жанған. Құтқарушылар жеткен кезде шатыр толықтай отқа оранған. Өрт кең көлемде таралып, оны сөндіру жоғары жанғыш жүктеме мен қою түтінге байланысты қиындаған. Сағат 17:26-да ТЖМ өрттің оқшауланғанын хабарлады — бұл өрттің әрі қарай таралуы тоқтатылғанын, бірақ оттың әлі толық сөнбегенін білдіреді.

Сағат 17:52-де өрт 900 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

«Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер коттеджден бір баланы құтқарып алды. Сонымен қатар, ықтимал жарылыстың алдын алу үшін екі газ баллоны сыртқа шығарылды», — деп хабарлады министрлік.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте сот 29 жастағы Гүлмира Ергешоваға үкім шығарды. Ол өз балаларын қатыгездікпен азаптады д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлі...