Өскеменде есірткі саудалаған курьер ұсталды

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
22

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері психотроптық заттар сататын интернет-дүкен курьерінің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өскемен қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалдамалы пәтерде тұрып, есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстады.

Оны тінту барысында ұнтақ тәрізді заты бар 12 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді. Пәтерді тінту кезінде қосымша тағы бес ұялы телефон табылды. Зерттеу нәтижелері бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 20 грамнан асатын «а-PVP» психотроптық заты екені анықталды. Бұл қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес ірі мөлшерге жатады.

- Күдіктінің 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында Telegram мессенджері арқылы курьер-жасырушы болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Наурыз айының басында куратордың нұсқауымен ол Өскеменге келіп, баспана жалдап, тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бірінші ракеткасы Германияның Штутгарт қаласында өткен беделді WTA 500 турнирінің финал...

Шоу-бизнес

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева продюсер Баян Алагө...