Алматыда жол апатынан жол жиегіндегі жүргінші көз жұмды

Фото: tengrinews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1885

Алматыда қаласындағы Әл-Фараби даңғылының бойында болған жол апатынан 39 жастағы жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Таңғы 5:30-да Toyota көлігінің 20 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол жиегіндегі жаяу жүргіншіні қағып өтіп, артынша жарнама тақтайшасына соғылған. 

Алматы полициясының хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Toyota маркалы автокөліктің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта қозғалып бара жатып, Қаратаев көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, жолдың солтүстік шетіне шығып кетіп бордюрге соғылған. Содан кейін қозғалысын жалғастырып, жаяу жүргінші жолына шығып кеткен. Онда ол 39 жастағы әйелді қағып, кейіннен жарнама тақтайшасының тірегіне соғылып көлігі аударылған", – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...