Атырауда 2 жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап, мерт болды. Бұл жайтқа қа...
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды енді онлайн тапсыруға болады
Фото: ЖИ
100
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды енді онлайн тапсыруға болады. Әзірге бұл қызмет пилоттық режимде елордалықтарға қолжетімді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының мәліметінше, жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды тапсыру үшін ноутбук немесе компьютер қажет.
Тестілеу сілтемесі компьютер арқылы ашылады және төлем жасалған күннен бастап 30 күн бойы жарамды болады.
Емтихан сәйкестендіру және бақылау құралдары арқылы өткізіледі.
Емтиханға арналған жеке сілтемені тек өтініш берушінің өзі пайдалана алады.
Жүйеде емтихан барысындағы барлық әрекеттер мен оқиғалар тіркеледі.
Сондай-ақ теориялық емтиханды ХҚКО-да тапсыру мүмкіндігі де сақталады.