Қазақстандық әйел TikTok-тағы пікірі үшін бес жылға сотталды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
626

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында 40 жастағы әйел TikTok желісінде қалдырған пікірі үшін сепаратизм бабы бойынша сотталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сот мәліметінше, ол Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты жарияланым астына кейін әлеуметтік қауіпті деп танылған пікір жазған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл пікір елдің аумақтық тұтастығына қатер төндіріп, ұлтаралық шиеленіс туғызуы мүмкін болған.

Сот айыпталушының кінәсі куәгерлердің жауабымен, өзге дәлелдермен және сараптама қорытындысымен дәлелденгенін көрсетті. Шал ақын аудандық соты оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот залында қамауға алынды. Кәмелетке толмаған қызы балаларды қолдау орталығына орналастырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...