Видеодан Қырғызстан құрамасының марапаттау рәсімі бітпей жатып, мойындарындағы алқаны шешіп, трибуна...
Қазақстандық белсенді Нұрлан Сабыровтың үстінен арыз түсірді
ашық дереккөзден
Белсенді Марат Тұрымбетов әзілкеш Нұрлан Сабыровтың үстінен Бас прокуратураға арыз түсірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы жазды.
Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. Марат Тұрымбетов комиктің былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне 10 мотоцикл және 2 миллион рубль жіберіп, көмектескені жайлы ақпараттан кейін Украинадағы соғысты қаржыландыру дерегін тексеруді талап етіп отыр.
“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп жазды белсенді.
Марат Тұрымбетов Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін деп санайды. Өйткені оның сөзінше, “Вагнер легионы Истра” ЖӘК “Вагнердің” құрамына кіреді, ал бұл құрылым өкілдері жалдамалылар.
Бұған дейін ресейлік БАҚ “Вагнер легионы Искра” таратылған “Вагнер” ЖӘК-тің бөлініп шыққан бөлімшелерінің бірі екенін, қазір Ресей Қарулы күштері құрамына кіретінін нақтылаған.