Ханзада Уильямға Үлкен Виндзор саябағындағы жаңа иелігінің аумағында электросамокатпен жүруге тыйым...
Ақтауда бес елді біріктірген Caspian Sea Action Week 2026 өтіп жатыр
Фото: Жаңа адамдар
Жаңа адамдар Ақтаудағы Caspian Sea Action Week 2026 экология апталығына қатысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
6–12 тамыз аралығында Ақтауда Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығы өтіп жатыр. Іс-шара Каспий маңындағы бес мемлекетті — Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанды біріктірді.
Жаңа адамдар қозғалысының AntiTrash азаматтық науқаны бірнеше жылдан бері экология және Каспий теңізін сақтау мәселелерін жүйелі түрде көтеріп келеді. Биыл қозғалыс Caspian Sea Action Week 2026 аясында өз бағдарламасын ұсынды.
Бұған дейін Жаңа адамдар халықаралық RES2026 экологиялық саммитіне қатысқан. Оның қорытындысы бойынша Caspian Sea Action Week 2026 өткізу жөніндегі халықаралық меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ қозғалыс «Каспийді сақтаймыз» бастамасын іске қосып, жобаны Бакуде өткен WUF13 дүниежүзілік форумында таныстырған.
Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар азаматтық белсенділіктің халықаралық деңгейге шығып, Каспий маңындағы мемлекеттерді ортақ табиғи мұраны сақтау мақсатына жұмылдыра алатынын көрсетеді.