Ұлдана Мырзуанның әпкесі күйеубаласы туралы бар шындықты айтты

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
318

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол марқұм сіңлісін еске алып, соңғы уақытта болған оқиғаларға қатысты жанайқайын жеткізген.

«Сары шөжегім, сіңлім… Сені қинады, тыныштық бермеді. Жаныңның қанша ауырғанын жүрегім сезеді. Бірақ Алла кімнің кім екенін көрсетті. Менің үнсіз қалғаным – әлсіздіктен емес, сабырдан еді. Мақсатым – ата-анамның және халықтың көзін ашып, шындықтың бетін ашу болды. Айтарым көп, бірақ кейбір шындықты уақыттың өзі дәлелдейді. Бүгін көп нәрсенің беті ашылды. Ең бастысы – Алланың алдында жүрегім тыныш», – деп жазды ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта үйленгені туралы ақпарат кеңінен тарады. Осы жайттан кейін марқұмның әпкесінің жазбасы көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...