Алматыда дәрігерлер баланың жұлынып кеткен саусағын қайта қалпына келтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
439

Алматыда бес жасар бала аулада ойнап жүріп, саусағын металл қақпаға қысып алған. Салдарынан саусағы түбінен жұлынып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері шұғыл түрде күрделі микрохирургиялық ота жасады. Төрт сағатқа созылған операцияда хирургтер диаметрі 1 мм-ден аспайтын күретамырды, сіңірлерді, жүйке талшықтары мен қан тамырларын жалғаған.

Нәтижесінде баланың жұлынып кеткен саусағы толықтай қалпына келтірілген. Операция МӘМС қаражаты есебінен тегін жасалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...

Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық пр...