Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1010

Танымал әнші шығармашылық мансабындағы үлкен өзгерістер жайлы ой бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол “Abai TV” арнасындағы “Сарасөз” бағдарламасында сұхбат беріп, көпшіліктің назарын аударған мәлімдеме жасады.

Әншінің айтуынша, қазір ол өнердегі 50 жылдық жолын қорытындылайтын мерейтойлық концертке қызу дайындалып жатыр.

Сұхбат барысында өнер иесі бұл кештің өзінің үлкен сахнадағы соңғы концерті болуы мүмкін екенін ашық айтты.

“Бұл — мен үшін аса маңызды кезең. Осы концерттен кейін ресми түрде сахнамен қоштасу ойымда бар. Бірақ кей кездері ауқымды шараларда өнер көрсетуім мүмкін”, – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...