Ақпан айында Жамбыл облысында 13 жастағы қыз марқұм әкесінің бауырларынан жүкті болып, бала босанған...
Қазақстандық ғалымдар мұнай өндіруде кванттық есептеулерді қолданудың жаңа тәсілін ұсынды
Фото: ЖИ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мұнай өндіру үдерістерін модельдеу және оңтайландыруда кванттық есептеулерді қолдану бағытында зерттеу жүргізіп жатыр. Ғалымдар физикаға негізделген нейрондық желілерді (PINN) кванттық есептеулермен біріктіріп, мұнай қабатындағы күрделі үдерістерді модельдеуге мүмкіндік беретін кванттық PINN моделін әзірледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мұнай өндіру барысында қабатқа су айдау, қысым арқылы әсер ету және басқа да технологиялық әдістер қолданылады. Бұл үдерістердің тиімділігін арттыру үшін мұнай қабатындағы физикалық құбылыстарды дәл есептеп, өндіріс параметрлерін оңтайлы басқару маңызды. Дәстүрлі модельдеу тәсілдері күрделі көп параметрлі есептеулерді қажет етеді. Сондықтан есептеу мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа технологияларды енгізу мұнай-газ саласындағы өзекті ғылыми міндеттердің бірі болып отыр.
Осы бағытта ҚазҰУ ғалымдары кванттық есептеулердің мүмкіндіктерін зерттеп, мұнай өндіру үдерістерін модельдеуге арналған жаңа тәсіл ұсынды. Әзірленген кванттық PINN моделі физикалық заңдылықтарды нейрондық желілердің мүмкіндіктерімен және кванттық есептеу тәсілдерімен ұштастырады. Бұл күрделі өндірістік үдерістерді модельдеуді жетілдіруге, есептеу тиімділігін арттыруға және мұнай өндіру параметрлерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.