7,7 млн теңгеге құмар ойын ойнаған шенеуніктер жұмыстан босатылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
469

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын талдау барысында букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындар мен бәске қатысқан екі шенеунікті анықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Олар букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп отырған. Ойын шоттарын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асқан.

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер қызметінен босатылды. Олардың бірі – 20 жылдан астам аудандық бөлім басшысы болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...