«Қаза болғандар бар»: Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен жол апатына ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1263

Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға “Сокол" саяжай қоғамының аумағында болған. Балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты.

Видеода оқушылардың рюкзактарымен автобустан асығыс шығып кеткені көрінеді. Жерде екі адамның жатқаны, балалардың айқайлағаны естіледі.

Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушылар жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында. 

СПОРТ

Паралимпиада ойындарының алтыны мен қоласын жеңіп алып, ел қоржынына тарихи жүлде салған Ербол Хамит...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыс ұзаққа бармайтынына сенімді екенін айтты. Бұл туралы а...