Қазақстандық танымал актер және режиссер өмірден өтті

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
189

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, актер әрі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство Балтабай Сейітмамытұлының қазақстандық сахна өнеріне бүкіл ғұмырын арнаған сирек тұлға болғанын атап өтті.

Ол шығармашылық жолында 50-ге жуық фильмге түсіп, театр сахнасында 60-тан астам жарқын бейнені сомдады. Сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосты.

Балтабай Сейітмамытұлы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына енген бейнелер галереясын жасап, классикалық әрі заманауи драматургияны актерлік мәдениеттің жоғары деңгейінде терең де философиялық тұрғыда ашып көрсетті.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы және өнегелі өмір жолы халық жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

 
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

7 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында өтетін үлкен концертке дайындық барысында Қазақстанның хал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауында жүздеген өлі балықтың түсірілген видеосы жа...