Қазақстандық танымал әншіні органның адамы ұрып тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
903

Әнші әрі блогер Биназир Ермағамбетова (BikaBreezy) көршісін сотқа беріп, оны соққыға жықты және қорқытты деп айыптады. Оның айтуынша, бұл ер адам бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы Медеу аудандық сотында қаралған іс барысында Биназир айыпталушының оған қарсы талап-арыз түсіргенін білді.

«Маған қазір ғана тергеуші қоңырау шалып, менің қылмыстық ісім қозғалғанын хабарлады. Егер бұл оқиғаны байқамай қалған болсаңыз, еске салып өтейін. 29 қаңтарда үйімнің ауласында 130 келілік ер адам, менің көршім, мені ұрып-соқты. 50 келі тартатын мені жұдырығымен соқты. Мен шегініп үлгердім, бірақ маңдайымда ісік пайда болды. Өзімді қорғауға тырыстым, бірақ оны құлатуға күшім жетпеді. Ол үстіме шығып, ұрып-тұншықтыра бастады. Мен полицияға арыз жаздым. Қазір мен жәбірленуші ретінде сот процесіне қатысып жүрмін. Бірақ, маған екінші іс бойынша да айып тағылғанын айтты. Көршім менің оны ұрып-соққаным туралы арыз жазыпты», – деп бөлісті блогер әлеуметтік желіде.

Биназирдің айтуынша, айыпталушы сотта бірнеше рет мемлекеттік органдардағы таныстарын айтып мақтанған.  

«Сотта ол менің оған қарсы арыз жазғаным үшін ғана өзі де арыз бергенін бірнеше рет айтты. "Менің таныстарым бар, мен мемлекеттік органдарда жұмыс істедім, ақшам да жеткілікті" деп айқайлады. Бұл расталды – ол бұрын ҰҚК қызметкері болған. Мен ҰҚК қызметкерлерінің барлығы ол сияқты емес деп үміттенемін, қыздармен төбелесіп, оларға қарсы арыз жазатындар емес шығар», – деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шаһарда 3 күн қатарынан жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан келген үш жасар Амира Қазақ ұлттық костюмімен Таймс-скверге шығып, нағыз мереке ұйымдастыр...