“Егіздің сыңары”: Отарда сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Фото: Qaz365.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1431

Жамбыл облысы, Мәттібұлақ ауылындағы 01098 әскери бөлімінде сарбаздың мәйіті асылған күйінде табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Марқұмның отбасына әскерилер оның өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Қаза болған жігіттің әпкесі Еңлік Қалтаеваның айтуынша, өткен жылдың күзінде әскер қатарына Даниял шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед те әскерге кеткен. 

Егіздер Отар горнизонында бірге қызмет еткісі келген. Алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті кенеттен басқа әскери бөлімге ауыстырып жіберген.

17 қыркүйекте отбасы суық хабар естіді: Оның 19 жасқа толғанына небәрі бірнеше апта ғана болған еді. Туыстары бұл жағдайдың шынайы себептері жасырылып отыр дейді. 

«Біз, отбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жүгініп отырмыз. Бұл істі жеке бақылауына алуды сұраймыз. Неге бейбіт заманда осындай жас жігіттер қаза табуы керек? Бізге шындық пен әділдік қажет», - деп жазды марқұмның әпкесі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...