Арқалықта тойға барған 85 қонақ тамақтан уланды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1374

Арқалықта тойға барған 85 қонақ тамақтан уланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Олар іш өтуіне, дене қызуының көтерілгеніне және әлсіздікке шағымданған, деп жазды «Костанайские новости» басылымы.

Науқастарға инфекционист дәрігерлерден, терапевтер мен педиатрлардан құралған санитарлық борт жіберілді. 

«Зардап шеккендердің арасында жеті бала мен бір жүкті әйел бар. Ол облысқа жіберілді, барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева.

Науқастар мұны кафедегі мерекелік тойда жеген тағамдармен байланыстырып отыр. Кафе уақытша жабылып, санэпидемиологтар тексеру бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...