Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1277

Биыл желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын бес күндік жұмыс аптасында тоғыз күн демалыс күтіп тұр. Ал Тәуелсіздік күнінде бір демалыс күні берілмек, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

eGov сайтында жарияланған Қазақстан Республикасындағы 2025 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары қарашада 9 күн демалады.

Алдағы желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасында тоғыз күн демалыс болады. Айта кетейік, қазақстандықтарды қосымша демалыс күні апта ортасында, яғни 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне түсетін сейсенбіде күтіп тұр.

Әдетте мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылып, дүйсенбі демалыс күн болады. Алайда биыл мереке сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар 16 желтоқсанда демалады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілді, деп хабарлайды Ma...

Әлем

Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшада 5 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалды деге...