Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

depositphotos.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
332

Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Есіл ауданындағы елді мекендердің бірінде 74 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Петропавл.news-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер әйел мен 31 жастағы ер адам арасында жанжал туындаған. Тергеу болжамына сәйкес, жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...