Шұғыл ақпарат! Дағыстанда Қазақстан азаматы қамауға алынды

Фото: ФедералПресс / Полина Зиновьева

ЖАҢАЛЫҚТАР
571

Дағыстанда Қырғызстан және Қазақстан азаматтары қамауға алынды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Олар күшті әсері бар дәрі-дәрмектердің ірі партиясын заңсыз тасымалдап, сатпақ болды деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде республиканың Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, Тарумов ауданының соты оларды қамауға алу жөнінде шешім шығарған.

2025 жылдың 29 наурызында Тарумов ауданындағы «Кочубей» бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерлері Mercedes-Benz Atego жүк көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде – Қазақстан азаматы, ал жолаушысы – Қырғызстан азаматы болған.

Көліктің жүк бөлігін тексеру барысында бес полимер шелек пен үш дорбадан 271 900 дана ақ түсті таблетка табылған. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың күшті әсер ететін препараттар екені анықталған.

«Іс материалдарын қарап шыққан сот тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қамау мерзімі – 10 күн. Егер осы аралықта оларға ресми айып тағылса, тергеу изоляторындағы мерзім екі айға, яғни 2025 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылуы мүмкін», – делінген ресми хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перу соты бұрынғы президент Оллант Умалды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады MADENIPOR...

Өнер

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің басым бөл...