Қазақстанға тағы бір жұлдызды актер келді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1145

Ақтауға танымал түрік актері Бурак Өзчивит ұшып келді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Lada.kz жазды. Ол бүгін, 1 қазанда басталып, 4-іне дейін жалғасатын түркі халықтарының «Қорқыт ата» кинофестивалінің хедлайнері атанды.

Ақтау тұрғындары мен қонақтары актерді бүгін, 1 қазанда фестивальдің қызыл кілемінде көре алады. Фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Балжан Әміргазиеваның айтуынша, салтанатты рәсім 34-шағынаудандағы «Достық үйінің» алдындағы алаңда өтеді. Қонақтарды жинау уақыты – 16:00, іс-шараның басталуы – 17:00.

Ертең, 2 қазанда, Бурак Өзчивиттің қатысуымен кездесу жоспарланған. Онда актерге сұрақтар қою мүмкіндігі болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысу үшін аккредитациядан өту қажет, ал кездесуге тек алғашқы 200 адам қатысып, өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.

Әміргазиева атап өткендей, Бурак Өзчивиттің келуі – әртүрлі түркі елдерінің кинематографистері мен көрермендерін біріктіретін фестивальдің жарқын оқиғасына айналды.

Бурак Өзчивит – ең танымал түрік актерлері мен модельдерінің бірі. Ол «Ғажайып ғасыр», «Қоролёк – бұлбұл құс», «Қара махаббат» және «Османның қайта өрлеуі» сияқты культтік сериалдардағы басты рөлдері арқылы бүкіл әлемге танылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...