Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Цифрлық даму, инновациялар және...
"15 млн-ға сатып алуға келіскен": Bayansulu автордың өзі қаламақысын алудан бас тартқанын айтты
ашық дереккөз
Танымал әнші Bayansulu соңғы жағдайға байланысты үндеу жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
"Продюсерден кеткеннен кейін Қуат Әбілов маған әндер менікі, авторы мен, менен сатып аласың деді. Әр ән 30 000$ деген баға қойды. Немесе барлық жерден әндерді өшіремін деді. Әрине бұл өте үлкен сумма, менде ондай ақша болған жоқ, сондықтан мен өшіре беріңіз деп айттым. Одан кейін өздеріңіз білесіздер әндер ютубтан өшіп кетті.
Уақыт өткеннен кейін, Қуат Әбіловпен келісімге келдік. Барлық әнді 15млн теңгеге сатып аламыз деп келістік. Қуат Әбілов өзі келісті, қол берді. Келісімнен кейін 2 сағаттан соң договормен қол қоюға барғанда Қуат Әбілов өз берген сөзінен тайып, әндерді сатудан бас тартты. Және барлық жерден удалить етем деді. Сосын видеоны желіге салды.
Біз сатып аламыз дедік әндерді! Біз ақы жемейміз!", - деді жас әнші.
Айта кетейік, Қуат Әбілов әнші өзін сотқа бергені жайлы айтып еді.