«Көзі, құлағы, мұрнынан құрт шығып жатты»: Шымкентте жантүршігерлік қылмыс ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1080

Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваның көзі, құлағы мен мұрнынан құрт шығып жатқан келіншек он күн бойы сол пакетке оралған күйде көшеде жатыпты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Қызды екі жерінен кеңірдегінен кескен. Машина сүртетін тряпкамен тығып тастаған кеңірдегіне. Ол аз болса 24 жерінен пышақтаған. Өлтіріп жатқызып қойып, ойыншық ұқсатып пышақты тығып отырған. Оны азаптап, өлтіріп, зорлап, пакетке салып, оның сыртынан скотчтап орап, байқұс оныншы күн дегенде табылып тұр. Құрт жеп қойған» дейді марқұмның әпкесі Әлия Ақбарова.

16 жастағы жігіт алдымен зорлап, кейін денесінің сау-тамтығын қалдырмаған.

«Үй жинауға тазалықшы керек деп шақырған. Күндік жұмыс. Бұл қыз сол адреске барған. Сөйтсе ол бала оны алдын ала жоспарлаған болып тұр ғой. Жігіт айтқан екен. Үйді тазалап болғаннан кейін ақшаны мамам салады.  Мамамды күтіп отырмын деп қызды жібермей ұстап отырған екен. Әпкем Диана мамасына өзінің телефонымен хабарласқан кезде жігіт пышақтап үлгерген» дейді марқұмның сіңлісі Айдана Оңғарбаева.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...