Албанияда жасанды интеллект негізіндегі модель "ЖИ-министр" ретінде қолданыла бастады. Ол "Диелла" д...
Алматыда 70 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды
Фото: freepik
644
Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 70 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Дәрігерлер жеткенше оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, тексеру жүргізуде.
Марқұмның туыстарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.