Күдікті Денис Тенді өлтіргенін мойындады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2959

Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдіктінің аты-жөнін атады. Ведомство мәліметінше, ұсталған жігіт даңқты спортшыны өлтіргенін мойындаған.

Күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. "Ұсталған Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы 1994 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы. Қорғаушылардың көзінше ол жасаған қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында", - деді прокурор.

Еске салайық, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді кеше күндізгі сағат үштер шамасында Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Алған ауыр жарақаты салдарынан даңқты спортшы ауруханада қаза тапты. Дәрігерлер оның 3 литр қан жоғалтқанын айтуда.

 Белгілі болғандай, Денис өз көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түскен. Оларды үркітпек болғанда спортшыны пышақтап тастаған да, әлгі екеу оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.


author

Денис Тен

ҚАЙРАТКЕР

MADENI TV

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы от...

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәр...