Тікелей эфирде қазақстандық қыздарды балағаттаған шетелдік стримерлер 15 тәулікке қамалды. ІІМ ҚК-ні...
Картоннан нөмір жасаған: Павлодарлық полицейлер тоқтатқан көліктің нөмірі картоннан болып шықты
Фото: видеодан скриншот
723
Павлодарлық полицейлер тоқтатқан көліктің нөмірі картоннан жасалғаны анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Lada Granta» көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі күмән тудырған.
Тексеру барысында жүргізушінің нөмірді картоннан өз қолымен жасап алғаны белгілі болды. Жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану заңды өрескел бұзу болып саналатынын еске салады.