«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін»: Қабатовтың тойдағы сөзі қызу талқыланып жатыр

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1256

Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың той үстінде түсірілген видеосы кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бейнежазбада өнер иесі жастарға тілек айту үшін ортаға шыққанымен, бір сәтке сөзден тосылып қалғаны байқалады. Осы сәтті әзілге айналдырған Тұрсынбек Қабатов көпшілікке:

«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін», – деп қалжыңдаған.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкештің бұрынғы жары, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова олардың заңды түрде ажырасқанын ресми түрде растаған болатын.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...