Алмас Кішкенбаев 3 ақпанда ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен сотқа тартылады

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
649

Алмас Кішкенбаев 3 ақпанда ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен сотқа тартылады. Ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Алматы полициясы 17 жастағы жасөспірімнің арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам оған сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Күдікті белгілі әнші Алмас Кішкенбаев болып шыққан. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

2007 жылғы бала кешкі тоғыз шамасында үш бөтелке сыраны жеткізу туралы тапсырыс алған. Ол дүкенге кіріп, сыраны алып, тапсырыс берген адамға апарып берген. 

17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыш беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, дейді Михаил Козачков телеграм арнасында

Оқиғаның мән-жайын ulysmedia.kz тілшісі полициядан сұрап білді. 

Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді, - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Хамастан кепілге алынғандардың барлығын дереу босатып, қаза тапқандарды...

Өнер

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас музыканттарға арналған "ZHULDYZDY ZHOL 2025" телевизиялық р...