“Қазіргі жағдайы ауыр”. Ұшақ апатынан аман қалған қырғызстандық азамат әзір еліне қайтарылмайды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2080

Ақтауда Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer-190 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асанов денсаулығына байланысты әзірге отанына орала алмайды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевке сілтеме жасап, Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов хабарлады.

Алагөзов дәрігерлер аман қалған қырғызстандықтың ауруханадан шығуына әлі рұқсат бермегенін айтты. 

 – Біздің ұшақ Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асановты алып кетуге дайын. Алайда оның қазіргі жағдайы ауыр және тасымалдау қауіпті болуы мүмкін. Дәрігерлер рұқсат берген бойда ол еліне жеткізіледі», - деді Алагөзов.

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қазіргі таңда зардап шеккен Асановқа Ақтауда медициналық көмек көрсетіліп, емделіп жатқанын айтты.

Тағы екі қырғыз азаматының жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, оларды ауруханадан шығару дүйсенбіге жоспарланған. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...